Чапаев орта мектебінде ағымдағы жылдың 20 мамырында ғылым және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері "Саябақтар шеруі 2022" акциясының жабылуы салтанатын өткізілді. Акция мектептің акт залында концерт түрінде өтті. Акцияның жабылуына барлық Алтай ауданының оқушылары қатысып, өздерінің концерттік нөмірлерін ұсынды. Іс-шараға Алтай ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Қабанбаев Мұратбек Қамзабекұлы және "Пульс Алтая" газетінің бас редакторы Акулова Надежа Тимофеевна, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты.

Концерттен кейін балаларға мадақтамалар, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.