Наурыз айынан бастау алған акция: Күршім, Зайсан, Үржар, Самар, Ұлан, Алтай аудандарын қамтиды. Осыдай табиғаты көркем, қасиетті, жердің байлығын сақтап, өңір халқының экологиялық мәдениетін көтеру мақсатында жыл сайын «Саябақтар шеруі » халықаралық табиғатты қорғау акциясы ұйымдастырылады. Акцияның жабылу салтанаты Күршім ауданы, Марқакөл ауылының мәдинет үйінде өткізілді. Акция аясында оқушылар арасында «Таза - бұлаққа таза жағалау» және «Табиғаты аялайық- болашаққа сақтайық» атты челлендж, «Бұлбұл-жыл құсы», «Марқакөл көлінің символы майқан балығы» атты сурет салу сайыстары өткізілді. Жеңімпаздардың барлығы естелік сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Үздік мектеп ретінде ең белсенді болып Күршім ауданының Марқакөл ауылының №1Марқакөл орта мектебі 5-ші мәрте ауыспалы кубокты жеңіп алды.