22 сәуір - Халықаралық Жер күні (Earth Day). Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау акциясы аясында  соңғы 3 жылда бұл күнді Ақжайлау негізгі орта мектебінде өткізуді әдетке айналдырған. Бұл күні  мектеп оқушылары табиғатты  сүюге арналған концерттік бағдарламаларын ұсынады және Төсқайын округі бойынша командалар «Волейбол» жарысына белсенді ат салысады.

Биыл да ескі әдеттен қалмай 20 сәуір күні «Саябақтар шеруі- 2018» акциясы аясында Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері  Ақжайлау негізгі орта мектебінде Астана қаласына 20 жылдық және Күршім ауылына 90 жылдық мерей тойларына орай Төсқайын округі бойынша үлкен масштабты жарыс ойындары өтті. Жарыс алдында Ақжайлау негізгі орта мектебінің оқушылары Жер Күніне арналған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Волейбол, шахмат, шашки және арқан тарту ойындарынан Төсқайын округі бойынша  Ақжайлау негізгі орта мектебінен, Ақжайлау ауылнан, Марқакөл орман шаруашылығынан, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығынан командалар қатысты.

 

.