Қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген адамдардың «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні»  кәсіби мерекесі аталып өтеді.

Бұл айтулы шараны ММТҚ қызметкерлері қорықтын орталық кеңсесінде атап өтті. Мерекелік шараны ММТҚ директоры Тенкебаев Қуаныш Зайнолдаұлының құттықтау сөзімен бастап, әрі қарай ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кәсіби мереке қарсаңында қызметкерлерге ұсынылған алғыс хаттар мен омырауға тағатын белгілерді табыстаумен жалғасты. ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кәсіби мереке қарсаңында II дәрежелі «Қазақстан орманың қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын төс белгісімен Краснопеев Николай Валентинович марпатталды, III дәрежелі «Қазақстан орманың қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын төс белгісімен Оекенев Сайлауқан Нұратсалықович марапаттылды. III дәрежелі «Биоәртүрлікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» омырауға тағатын төс белгісімен Жакипов Жанат Сейтқалиұлы марапатталды. Және Комитеттің құрмет грамотасымен Болусов Балуанбек Тұрсұнқанұлы, Қақанов Амантай Чакенұлы, Исов Уалихан Құмарбекұлы марапатталды. «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының орман шаруашылығына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбегі, әрі кәсіби мереке қарсаңында ұсынылған құрмет грамотасымен Тенкебаев Қуаныш Зайнолдаұлы мен Құрманбаев Алишер Болатұлы марапатталды.

 

.