Осы жылдың 21 сәуірінде  №1 Марқакөл  орта мектебі, Саябақтар шеруі акциясы аясында тойланатын Құстар күніне орай, «Құстар – біздің досымыз» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Бұл мерекелік шараға Марқакөл қорығының қызметкерлері де шақыртуларын алды. Әдемі безендірлген акт залы көрермендерге толы болды. Мерекелік шарада бастауыш мектеп оқушылары белсенділіктерін танытты. Өлкемізде мекен ететін құстар жайлы сыныптастарына қызықты мағлұматтар берді, өлеңдер оқылып, әсем әуенді әндер шырқалды. Жастары кіші болсада, мағынасы тереңде жатқан, үлкен адамдарға сабақ бола алатын қойылым қойды. Құстар ұясын ұстаған бір топ оқушылар өзі бір бөлек шеру ұйымдастырды. Осы ұя жасаған еңбектері үшін, тырысып баққандары үшін №1 Марқакөл  орта мектебінің мектеп директоры қолынан мадақтау хаттары ұсынылды.

Концерттік бағдарлама соңында Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері оқушылар қолынан жасалған бұйымдардан құралған көрмені  және табиғат жанашыларынан құралған топтың флешмоб биін тамашалады. Мектеп ауласына мектеп оқушылары мен қорық қызметкерлері ұя іліп, естелік суретке түсті.