Төсқайың ауылдық округі бойынша "Саябақтар шеруі 2018" Халықаралық табиғатты

Төсқайың ауылдық округі бойынша "Саябақтар шеруі 2018" Халықаралық табиғатты қорғау акциясы өз мəресіне жетті. Урунхайка ауылында өткен айтулы шараға Төсқайың және Ақжайлау орта мектептерінен оқушылар мен ұстаздар қатысып, мерекелік концерт тамашалап қайтты. Акция қорытындысы бойынша ең үздік мектеп номинациясын Урунхайка негізгі орта мектебі жеңіп алды.